Кемероводағы өрт құрбандарының саны артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тергеу комитеті Кемероводағы «Зимняя вишня» сауда үйінде шыққан өрт салдарынан 56 адамның қаза тапқанын растады. РФ ТК ресми өкілі Светлана Петренко хабарлағандай, тағы 44 адам зардап шеккен, деп хабарлайды ТАСС.

«Өрт туралы қылмыстық істі тергеу барысында Кемероводағы сауда орталығында 56 адамның қаза тапқаны расталды», - деп мәлімдеді ол.

«Өрт басталғанда 44 адам медициналық мекемеге көмек сұрап келген, оның ішінде 10 адам стационарда жатыр», - деді С.Петренко.

Төтенше жағдайды жою бойынша жедел штабта тағы 16 адамның іздестіріліп жатқаны хабарланды. «Олар төртінші қабаттан үшінші қабатқа опырылып түскен кинозалда болуы мүмкін», - деп түсіндірді агенттіктің дереккөзі.

Бұдан бұрын 53 адамның қаза тапқаны хабарланған еді.

Ресей ТЖМ басшысы Владимир Пучков мұның ең қиын жұмыс участогы екендігін атап өтті.

«Мен іздеу жұмыстарын жүргізу үшін қосымша екі участок құруды тапсырдым», - деп мәлім етті ол.

Бұдан бұрын «Зимняя вишня» сауда үйінде шыққан өрттен 37 адамның қаза тапқаны хабарланған еді. Тағы 43 адам зардап шеккен.

Жедел штабтан сауда орталығындағы өрттің сөндірілгенін хабарлады. 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады. 

Фото: Максим Григорьев/ТАСС

Соңғы жаңалықтар