Кемероводағы өрт: 13 баланың мүрдесін туыстары таныды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі күні «Зимняя вишня» сауда үйіндегі өртте қаза тапқан 13 баланың денесін туыстары таныды. Бұл туралы РФ Денсаулық сақтау министрі Вероника Скворцова мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.

Скворцованың айтуынша, қазір 25 адамның мәйіті анықталған. Марқұмдардың денелері туыстарына сейсенбі күні тапсырылады. Қазір сот-медицина сарапшылары өрттен күйген денелерді генетикалық талдаулар арқылы анықтау үстінде.

«Мәскеуден арнайы келген мамандар мәйіттерді анықтап жатыр»,- деді ол.

Бұған дейін «Спецбюро» жоралғылық қызметтер мекемесінің өкілі хабарлағандай, марқұмдарды жер қойнына тапсыру рәсімдері 28 наурызда басталады. Кемерово облысының басшылығы жерлеу рәсімдері үшін құрбан болғандардың барлық отбасыларына қаржы бөлетінін мәлімдеді.

«Зимняя вишня» сауда орталығында өрттен қаза болғандардың жалпы саны 60 адамнан асты. Ауруханаға жатқызылғандар саны 15-ке дейін жетті. Министрдің айтуынша, қазір ауруханада жатқандардың арасында 11 жастағы баланың жағдайы ең ауыр.

Сонымен бірге туыстарынан айырылған 69 адам қатты күйзеліске және гипертонияға шағымданып, ауруханаға түскен. 

Соңғы жаңалықтар