Кемеровода Павлодар мектебінің бұрынғы оқытушысы да құрбан болуы мүмкін еді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - №16 мектеп-лицейдің оқытушылары Ресейдің Кемерово қаласында болған өрттен қаза тапқан Наташа Устинова мен оның анасын еске алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баранова Наталья Павлодардың 16-мектебін 1999 жылы бітірген. 21 маусымда бітіру кеші болды. Сол жерде оған қызыл аттестат табыс етілді. Ол тек «бестік» алатын, оқушылардың алды еді. Оларды білетіндер қазір зор қайғымен еске алады, біздің әріптестеріміз көрші тұратын еді. Шынында да үлгілі отбасы, үлгілі оқушы еді», - дейді Павлодардағы №16 мектеп-лицейдің директоры Татьяна Мигунова.

Лицейдің бұрынғы оқытушысы Екатерина Алексеевна Щербинина да біраз уақыт бұрын Кемеровоға көшіп кеткен. Оның қайғылы оқиғаның құрбаны болуына аз-ақ қалған екен.

«Щербинина Екатерина Александровна да бүгінгі күні қайғыдан қан жұтып отыр. Олар сол күні күйеуімен бірге киноға бармақ болады, бірақ күтпеген жерден күйеуін іссапарға шақырған. Екатерина оған ренжісе де, билеттерін тапсырған», - дейді директор.

Соңғы жаңалықтар