Келіншектің қос аяғын жұлып кеткен жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда келіншекті қос аяғынан айырған жол апатына байланысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған дерек ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркелді.

«Қазіргі таңда тергеу шаралары процессуалды іс-әрекет алгоритміне сай жүріп жатыр. Тергеу тобы көліктердің қалай орналасқанын нақты анықтады. Сондай-ақ, сот-медициналық, фототехникалық, трасологиялық сараптама тағайындалады. Нәтижесінде бұл дерекке байланысты процессуалды шешім қабылданатын болады»,- деді ІІД анықтау басқармасының басшысы Рустам Абдрахманов.

Айта кету керек, жол апаты Әл-Фараби даңғылында болған.  Honda CRV көлігін тізгіндеген қыздар ашық люкке кіріп кетіп, көлік дөңгелегін  жарып алған. Содан жол шетіне тоқтап, сыртқа шығып көліктерін қарап жатқан кезде ортаңғы жолақта келе жатқан Toyota Camry көлігін автобус соққан. Соққыдан Toyota Camry көлігінің артқы бөлігі ұшып кеп Honda CRV көлігін соғады. Салдарынан қыздар ортада қысылып қалған. 

Қалалық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, екі қыздың бірі Орталық қалалық ауруханаға жеткізілді. Бойжеткен ми жарақатын алған, аяғы сынған. Қазір оған жедел ота жасау үшін консилиум мамандары жиналды. Екінші қыз №7 ауруханаға жеткізілді. Ми жарақатымен түскен қыз консилиум шешімімен нейрохирургия бөліміне жатқызылды.

Соңғы жаңалықтар