Келесі жылы Қазақстанда балабақшаға кезекке тұру автоматтандырылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Келесі жылы Қазақстанда балабақшаға кезекке тұру автоматтандырылады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында «Азаматтар үшін Үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Келесі жылы біз баланың дүниеге келгендігі туралы ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесіне бірден түсуін қамтамасыз етпекпіз және ол мемлекеттік қызметтерді алуда тікелей бастамашыға айналуы тиіс. Яғни жүйе құттықтап, балаға ата-анасы қандай тек, есім және әкесінің атын беретіндігін сұрауы қажет»,- деді ол.

Оның айтуынша, осыдан кейін бұл ақпарат бірден АХАТ-қа түсіп, ЖСН беруге бастамашылық жасалады.

«Мұнан ары ақпарат баланың ата-анасының жеке есеп шотына қажетті жәрдемақылардың аударылуы үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне бірден берілуі керек. Жәрдемақы алуға келісім берілгеннен кейін ақпарат балабақшаға кезекке автоматты түрде тұру үшін Е-әкімдікке түседі»,- деді Оспанов.

Соңғы жаңалықтар