Келесі жылы Астанада тропикалық өсімдіктер өсетін ботаникалық бақ ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұның көбісі қалалықтардың ұсынысы бойынша сүрілген апатты ескі үйлердің орнына салынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Себебі, қалалықтарды астананы көгалдандыру мен экологиясы алаңдатады. Биыл қаланың оңтүстік-батыс жағы, Талдыкөл су қоры мен әуежай жаққа орман тектес жасыл ағаштар егілді.

Ал Астананың өзінде 30 мыңға жуық ағаш отырғызылды. «Астананың жасыл белдеуі» жобасы бойынша 2012 жылдан бастап 2,1 миллион көшет отырғызылды. Бүгінде Астанада 10 саябақ, 4 бульвар, 95 гүл бағы бар. Оның бесеуі 2017 жылы ашылды.

Бұдан басқа, 2018 жылы ботаникалық бақ ашылады. Оның аумағында климаттық ерекшелігі бар шөл және тропикалық аймақтың өсімдіктері болады. Бүгінге дейін 24 мың ағаш, 12 мың жас көшет егіліп, қолдан су қоймасы жасалынды. 42 мың шаршы метр веложол, 23 мың жүгірме жол, 86 мың шаршы метр тас төселген жол салынды. Ботаникалық бақ Астана тұрғындары мен қонақтары үшін ең сүйікті демалыс орнына айналады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар