Келесі жылдан бастап зейнеткерлердің еңбек өтілі қалай саналады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова келесі жылдан бастап зейнетақы жүйесі қалай өзгеретінін тәптіштеп айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Қазіргі кезде базалық зейнетақы төленгенде адамның еңбек өтілі ескерілмейді. Ал 2018 жылы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақының мөлшері еңбек өтіліне қарай тағайындалады. Адамның 1998 жылы 1 қаңтарға дейін, яғни жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізілгенге дейінгі еңбек өтілі ғана емес, сол жинақтау жүйесіне қатысу мерзімі де ескеріледі. Мәселен, зейнетақы жүйесіне бір жыл қатысқаны үшін, кем дегенде, 2 пайыз қосылады", - дейді Жақыпова.

Оның айтуынша, бір адамның еңбек өтілі 10 жылдан кем болса, қазіргі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызы (24 459 теңгенің жартысы - авт.). Келесі жылдан бастап аталған көрсеткіш тағы 4 пайызға артады. "Ал еңбек өтілі 33 жыл болса, онда ең төменгі күнкөріс деңгейінің толық соммасы төленеді. Осылайша, бюджетке түсетін салмақ пен адамның зейнетақы жүйесіне қатысуы арасындағы тепе-теңдік орнатылады. Әйтпесе, бізде адамдар зейнетке үш жыл қалғанда өз табыстарын рәсімдеп, зейнетақы жарналарын жаппай аудара бастайды. Өйткені заң бойынша соңғы үш жылда аударылған жарнаның ескерілетінін жақсы біледі. Олай болған дұрыс емес", - деп атап көрсетті вице-министр.

Соңғы жаңалықтар