KEGOK байқауында ҚазАқпарат «Жедел ақпарат» таратушы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «KEGOK» АҚ жыл сайынғы республикалық және аймақтық БАҚ арасындағы шығармашылық байқаудың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Компания бүгін Қазақстанның Ұлттық электр энергетикасы жүйесін дамыту және «KEGOK» АҚ инвестициялық жобаларының өзекті мәселелерін жазған үздік материалдарға республикалық және аймақтық БАҚ арасындағы шығармашылық байқаудың қорытындысын жариялады. 2017 жылы байқау комиссиясының қарауына қазақстандық БАҚ-та (интернет БАҚ-ты қосқанда) жарық көрген 103 жарияланым ұсынылған. Олардың ішінен мазмұны жағынан байқауды өткізу талаптарына жауап беретін 63 материал таңдалып алынған.

«Бүгін біз байқаудың қорытындысын жариялап отырмыз. Біз жыл сайын осы байқауды өткізіп отырамыз. Компаниямыздың 20 жылдығы қарсаңында БАҚ өкілдері жұмысымыз туралы кеңінен ақпараттық қолдау білдірді. Компания ұжымының атынан жеңімпаз деп танылған БАҚ ұжымдары мен өкілдерін шын жүректен құттықтаймын», - деді «KEGOK» АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев.

Баяндау ерекшелігі пен жанрларына сәйкес, кәсіби шеберліктерін, тақырыптың өзектілігін, материалдардың маңздылығын ескере отырып, комиссия байқауды өткізу тәртібіне сәйкес, 10 аталымды анықтап, келесі БАҚ көздері мен тілшілердің жұмысын үздік деп тапты.

«Жүйелілік және деректілік» аталымы бойынша - «Energy.media» ақпараттық-салалық ресурсының редакциясы;

«Аймақтық шолу» аталымы бойынша - Ерлан Ахметов, «Ақкөл» өмірі аудандық газетінің қоғамдық-саяси газетінің тілшісі;

«Ақпараттық әріптес» аталымы бойынша - «Интерфакс-Қазақстан» жаңалықтар порталының редакциясы;

«Жедел ақпарат» аталымы бойынша - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агентігінің редакциясы;

«Үздік салалық талдау» аталымы бойынша - «Эксперт Қазақстан» іскер журналының редакциясы;

«Өзектілік» аталымы бойынша - Жансая Омарбекова, «Арқа ақшамы» Қарағанды қалалық газетінің тілшісі;

 «Өзекті жарияланым» аталымы бойынша - Гүлнұр Қуанышбекқызы, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің редакциясы;

 «Үздік жарияланым» аталымы бойынша - «Курсив» газетінің редакциясы;

 «Ақпараттық қолдау» аталымы бойынша - Дулат Әбибуллаев, «Qazaqstan» ұлттық арнасының тілшісі;

 «Үздік ақпараттық шолу» аталымы бойынша - «Литер» республикалық газетінің редакциясы.

Байқау жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар мен естелік дипломдар табысталды.

null

null null null null 

Соңғы жаңалықтар