Кеден, орган қызметкерлері бар 30-ға тарта күдікті ұсталды - Бас прокуратура

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеден саласында жүргізілген арнайы операциялар барысында 29 күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«15-16 ақпан күндері ҚР Бас прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы кеден саласындағы құқықбұзушылықтардың жолын кесу, ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы күресті күшейту, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында бір уақытта аса ауқымды арнайы операция жүргізді», - делінген хабарламада.

Операция барысында 29 күдікті, оның 16-сы Алматы, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласында, 13-і Оңтүстік Қазақстан облысында ұсталды. Олардың арасында кеден және құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғалары, брокерлер, делдалдар, қылмыс әлемінің өкілдері, сондай-ақ Қырғызстанның 2 азаматы бар.

Жедел тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар