ҚДБ Қарағанды облысында маңызды жобаны қаржыландырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ  «Жәйрем тау-кен байыту комбинаты» АҚ-ға («Қазцинк» ЖШС құрылымында) Қарағанды облысы Жәйрем кентінде қуаттылығы жылына 5 млн тонна полиметалл кендерін қайта өңдейтін (бұдан әрі - Жоба) жаңа тау-кен байыту комбинатын (ТБК) салу үшін несие желісін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 ҚДБ мәліметіне қарағанда, жобаның жалпы құны 424 млн АҚШ долларын құрайды. ҚДБ  тау-кен байыту комбинатының бірінші кезеңін салу үшін 7 жылға дейінгі мерзімге ұлттық валютада 33 млрд теңге көлемінде  қарыз ұсынады.  Тиісті несиелік келісімге  тараптар биылдың 20 қазанында Астана қаласында қол қойды.

«Бүгін қаржыландыру басталғаны туралы жариялағалы отырған жобаның Қазақстанның тұтас тау-кен металлургия кешенін дамытудағы маңызы зор. Жәйрем қорғасын, мырыш және бариттің ірі әлемдік кен орындарының қатарына жатады. Жәйремде жаңа ТБК құрылысы «Қазцинк» компаниясы үшін аса маңызды, себебі ол еліміздің шығысында орналасқан ескі кен орындары сарқылған соң қазақстандық ресурстық базаны сақтауға мүмкіндік береді», - деді ҚДБ Басқарма төрағасы Болат Жәмішев.

Жобаны іске асыру елдің өңдеу өнеркәсібінің дамуына едәуір үлес қосатын қазақстандық жетекші металлургия кәсіпорындарының біріне келешекте дайын өнім шығару үшін металл концентратының импортына тәуелді болмауға мүмкіндік береді.

Жәйрем полиметалл кендерінің кен орындарында жаңа ТБК құрылысын екі кезекпен жүргізу қарастырылған. Бірінші кезек аясында тау-кен жұмыстары, сепарация цехының құрылысы жүргізіледі. ТБК-ның бірінші кезегін тауар өнімін, яғни ауыр фракциялы алдын ала байытылған кен шығарумен 2018 жылдың соңында пайдалануға беру жоспарланған.

2019 жылдың төртінші тоқсанында іске қосу жоспарланған екінші кезек флотациялық қайта балқытумен байыту фабрикасының басты корпусының құрылысынан, қосалқы инфрақұрылым құрудан тұрады. Жаңа кен байыту фабрикасының қуаттылығы 460 000-480 000 тонна қорғасын және мырыш флотациялық концентраттарын алумен жылына 5 млн тонна полиметалл кендерін құрайды. 2020 жылдан бастап шығарылатын флотациялық концентраттардағы металдар эквиваленті 130 000 тонна мырышты, 60 000 тонна қорғасынды және 25  тонна күмісті құрайды.

Соңғы жаңалықтар