ҚДБ 100 млрд теңге көлемінде еурооблигациялар шығарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан даму банкі» АҚ 100 млрд теңге көлемінде теңгеге деноминацияланған еурооблигациялардың дебюттік шығарылымын жүзеге асырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баға қағаздардың айналымда болу мерзімі 3 жылды құрайды. Өтеу мерзімі 2020 жылдың 14 қыркүйегі болып белгіленген. Орналастыру кезінде өтелуіне қарай кірістілігі 9,625 пайыз, купондық мөлшерлеме жылдық 9,5 пайыз болады. Есеп айырысу мәмілесі ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында жүргізіледі.

Банк ұсынған бондтарды орналастыру географиясы мынадай: Ұлыбритания (63 пайыз), АҚШ (21), Германия (8), басқа да Еуропа елдеріне шығарылым көлемінің 6 пайызы, ал Қазақстанға 2 пайызы тиесілі болады.

Бағалы қағаздардың эмиссия көлемінің 97 пайызын активтерді басқару қорлары, 2 пайызын хедж-қорлар, 1 пайызын банктер иеленеді. Абсолюттік санда сөз 29 инвестор жайында болып отыр.

Шығарылымның қаржы кеңесшілері мен андеррайтерлері - J.P. Morgan, Citi, Halyk Finance. ӨДБ еурооблигацияларының осы шығарылымы Қазақстан және Лондон қор биржаларында листингтелетін болады.

Соңғы жаңалықтар