Қазынадан қаржы жымқырған басшылар бірнеше жылға сотталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - 2017 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департментінің экономикалық тергеу қызметі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында және және квазимемлекеттік секторда бюджет қаржысын жымқырған 42 қылмыстық істі әшкереледі, деп қабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі аталмыш басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Анықталған шығын көлемі 564 млн теңгені құраған. 163,5 млн теңге ерікті түрде қайтарылса, 279,5 млн теңге бұғатталды.

Қаржының басым бөлігі электрондық сауда мен мемлекеттік сатып алу жұмыстары арқылы және мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген қаржыдан жымқырылған. 25 фактінің 18-і «Қол жетімді баспана -2020», «Балапан», «Жайлау» сияқты бірнеше бағдарламалар арқылы жасалған.

ШҚО, Жарма ауданының, Солнечный кентіндегі қазандық құрылысына бөлінген қаржыдан 310,7 млн теңге жымқырған «СМП Алматы» ЖШС директорына қатысты қозғалған қылмыстық іс аяқталды. Тергеу барысында В.Ахмадиев заң органдарынан бой тасалап, Беларусь мемлекетіне қашып кеткен. Ол кейін ҚР аумағына экстрадицияланды. Сот шешімімен қылмыскер үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

«Шыңғыстау несие» ЖШС басшысы Е. Арнаға қатысты да қылмыстық іс мәресіне жетті. Несиеге бөлінген қаржыдан 27 млн теңге ұрлаған жемқорды сот бес жылға бас бостандығынан айырды. Дәл осындай қылмыс жасап 24 млн теңгені қолды қылған «Сапа» несиелік серіктестігінің басшысы Г.Оспанова 5 жыл темір тордың арғы жағында отыратын болды.

Бюджеттің қаржысын аляқтық жолдармен жымқырып, жалған құжаттар арқылы әлеуметтік «жұмыс орындарын» ашқан жеке кәсіпкер Черненко С. 9,6 млн теңгені өз қалтасына басқан. Соттың шешімімен ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар