ҚазҰУ жобалары Шанхай инновациялық форумында көрсетілді

None
None
БЕЙЖІҢ - ШАНХАЙ. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов «Pujiang» Х Халықаралық инновациялық форумына қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі. 

Шарада АҚШ, Ұлыбритания, Сингапур, Оңтүстік Корея, Қазақстан, Германия, Дания, Аустралия, Швеция, Франция секілді әлемнің 20 елінен келген белгілі ғалымдар мен сарапшылар, мемлекеттік қайраткерлер мен саясаткерлер, кәсіпкерлер бас қосты.

2008 жылдан бері өткізілетін айтулы форумда ҚазҰУ ректорының «Біріккен ғылым-білім жобалар - «Бір белдеу, бір жол» бастамасын дамытудың негізі» атты баяндамасы қызу талқыланды.

Академик өз баяндамасында университеттің Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші рухани жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған жобалары туралы айта келіп, ғылыми-инновациялық жобаларды біріге жүзеге асыру мен ІТ-технологиялар саласындағы ынтымақтастық Жаңа Жібек жолын дамытуда маңызды орын иеленетінін тілге тиек етті.

null 

«Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясын жүзеге асыру аясында ҚазҰУ «Жаңа Жібек жолы университеттерінің Альянсының» халықаралық ІТ-технопаркін құру бастамасын көтерді. Ол ІТ-технологияларға кәсіпкерлер мен инвесторларды тарта отырып, осы саланы дамытудың басты драйверіне айналуы тиіс», - деді ол.

Қазіргі кезде Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің қолдауымен ҚазҰУ-да ҚХР Ғылым академиясының Қашықтықтан бақылау және цифрлы Жер институтымен (RADI) ынтымақтастықта ғылыми-зерттеу орталығы құрылуда. Орталық қоршаған ортаны, табиғат ресурстарын, ауыл шаруашылығын, төтенше жағдайларды жылдам бақылауға жағдай жасайды, сондай-ақ «Ғарыштық техника және технология» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер үшін ғылыми практикалық база қызметін атқарады.

null 

Соңғы жаңалықтар