ҚазҰУ-да шыққан өрт салдарынан 150 адам қауіпсіз жерге көшірілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өрт шықты, салдарынан 150 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ТЖД сілтеме жасап.

 «Бүгін сағат 15.42 шамасында  Алматы қалалық ТЖД «101» пультіне куәгерлердің бірінен Бостандық ауданы әл-Фараби, 71 мекенжайындағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мемлекет және құқық институтында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп  түсті. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына 6 минуттан соң, 15.48 шамасында жетті», - деді қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Алдын ала мәліметтер бойынша,   4 қабатты ғимараттың лифт шахтасында қоқыс өртенген. Тілсіз жау сағат 15.56-да ауыздықталып, 16.15-те өшірілді. Өрт 5 шаршы метрді қамтыған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

 

Соңғы жаңалықтар