ҚазҰУ әлемнің жасыл университеттері рейтингіне енді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - UI Green Metric жыл сайынғы UI GreenMetric Ranking of World Universities 2017 рейтингін - әлемнің «экологиялық таза» университеттері тізімін жариялады. Рейтингке қазақстандық ЖОО да қатысқан.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметінің хабарлауынша, түрлі ЖОО-лардың тұрақты дамуға және жоғары оқу орындарын басқаруға қолайлы жағдай жасауға ұмтылуын салыстыратын рейтинг сегізінші рет ұйымдастырылып отыр. Рейтинг нәтижесі университеттер ұсынған онлайн ақпарат негізінде есептеледі.

Биылғы ақпараттар алты негізгі деңгей бойынша жіктелген: жасыл көрсеткіштер (15%), энергетика және климаттың өзгеруі (21%), қалдықтарды басқару (18%), суды пайдалану (10%), көлік (18%), және білім беру (18%).

2017 жылдың нәтижелері АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Испания, Италия, Оңтүстік Америка, Қытай Тайбэйі және Еуропа, Азия және Африкадан бөлек, Алжир, Бахрейн, Финляндия, Гондурас, Қазақстан, Қырғызстан, Жаңа Зеландия, Нигерия, Никарагуа, Венесуэла университеттерін қамтыған.

Саралау қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ инфрақұрылым (855), энергетика және климаттың өзгеруі (1441), қалдықтарды басқару (774), суды пайдалану (280), көлік (912) және білім (827) бойынша 5089 балл жинап, әлемнің 619 университетінің арасында 186 орынды иеленді.

Соңғы жаңалықтар