ҚазҰМУ-дың ректоры лауазымына үміткерлердің есімі белгілі болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың ректоры лауазымына үміткерлерді атады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Университеттің бұрынғы ректоры Айқан Айқанов 2016 жылы қайтыс болған еді.

«Өткен  айдағы комиссия отырысында төрт үміткер есімі қаралды. Олардың екеуі Премьер-Министрдің төрағалығымен іріктеуден өтеді. Одан кейін бұл кандидаттар Президентке ұсынылып, шешім шығарылады», - деді министр.

ҚазҰМУ ректоры лауазымына төрт профессордың кандидатурасы қаралуда. Олар - Мырзакәрім Алшынбаев, Болатбек Баймаханов, Ғалымжан Тоғызбаев, Талғат Нұрғожин.

Өз кезегінде министр аталған мәселе бойынша 1-2 ай ішінде шешім шығарылатындығын айтты.

Соңғы жаңалықтар