Kaztube порталы конкурс жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Qazcontent» АҚ құрылымына кіретін Kaztube.kz бейне-порталы «Мен - мобильді (ұтқыр) репортермін» конкурсын жария етті. Бас жүлде - 200 мың теңге, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұялы телефонға бейне (видео) түсіргенді ұнатасың ба? Қызықты оқиғалардың үнемі бел ортасында жүресің бе? Сенің бейнеңді көпшілік көргенін қалайсың ба? Олай болса, жылдың басты конкурсына қатысуға деген өз мүмкіндігіңді жіберіп алма. Kaztube.kz бейне-порталы «Мен - мобильді (ұтқыр) репортермін» атты тұңғыш конкурсын жариялайды,-деп ұйымдастырушылар болашақ қатысушыларға үндеу тастады.

«Qazcontent» АҚ Басқарма төрағасы Евгений Кочетовтың айтуынша, ұялы телефон біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды, сондықтан да ұйымдастырушылар бұдан барынша пайда алуды ұсынады.

«Айына бір рет біз ұялы телефонға түсірілген бейне жеңімпазына 200 мың теңге табыстайтын боламыз. Бұдан басқа, үздік бейнелер «Bnews» және «BAQ» жаңалықтар порталында орналастырылатын болады. Басты критерий - орналастырылған бірінші тәулік ішінде бейненің мүмкіндігінше көп қаралуы. Сізге, ең бастысы, бейнені kaztube.kz порталына жүктеу керек, содан бастап, Сіз автоматты түрде 200 мың теңге ұтысына қатысасыз», - дейді ол өзінің Facebook парақшасында.

«Qazcontent» АҚ-ның отандық нарықтың медиа саласындағы жетекші ойыншыларының бірі екендігін атап өтеміз. Былтыр компания барлық жобаларға қатысты ауқымды ребрендинг өткізді.

Соңғы жаңалықтар