20:27, 25 Мамыр 2017 | GMT +6
ҚазТрансОйл дивидендтерді төлеу сомасын жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазТрансОйл» АҚ 2016 жылғы таза табыстары мен өткен жылдары бөлінбеген табысын үлестіру және қарапайым акциялар бойынша дивидендтер төлеу тәртібін бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2016 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ алғаш рет IPO-дан кейінгі кезең ішінде рекордтық қаражат бағыттады. Көрсеткіш 2015 жылы төленген дивиденттермен салыстырғанда 17 %-ға жоғары және бұл орналастыру бағамына 21% кірісті қамтамасыз етеді», - деді ҚТО-ның бас директоры Димаш Досанов баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ өткен жылғы нәтижеге сәйкес, дивидендт көлемі «ҚазТрансОйл» АҚ бір қарапайым акция есебінде 155 теңге деңгейінде бекітілген. Көрсеткіш 2015 жылы төленген дивиденттермен салыстырғанда 17 % жоғары және бұл орналастыру бағамына 21% кірісті қамтамасыз етеді.
Еске сала кетсек, аталған компания акцияларының 10%-ы төрт жыл бұрын халықтық IPO аясында орналастырылған болатын.