Қазтелерадио Алматы және Қарағанды телестансаларында жөндеу жұмыстарын жүргізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы және Қарағанды облыстарының радио және телевизия стансаларында (бұдан әрі - РТС) цифрлық эфирлік хабар тарату желісінде жоспардан тыс жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды «Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметі.

25 мамырда сағат 01:00-ден 05:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) Радио телехабар таратудың Алматы облыстық «Жаркент» РТС-де және Қарағанды облыстық «Жезқазған» РТС-де профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады.

Осыған байланысты, цифрлық эфирлік хабар тарату (ЦЭХТ) желісінің таралымы уақытша тоқтатылатын болады.

Алайда, жерсеріктік OTAU TV телевизиясы және кабельдік операторлар желілерінде теле және радио арналарының хабар таратуы үздіксіз жүргізіледі. 

Соңғы жаңалықтар