«Қазтелерадио» АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметі компанияның директорлар кеңесінің құрамы өзгергенін хабарлады.

Жалғыз акционер  - «Зерде» Ұлттық  инфокоммуникациялық  холдингі»  АҚ 2016 жыл 13 қазандағы шешімімен  «Қазтелерадио» АҚ  директорлар кеңесінің мүшелері   Құнанбаев Ерден Әшірбековұлы мен Бишіғаев Асқар Дарушұлының өкілеттілігі тоқтатылды.

«Қазтелерадио» АҚ  директорлар кеңесінің жаңа мүшелері болып Қошанова Жанаркүл Тоғызбайқызы мен Жарболова Саида Шеризатқызы тағайындалды. Жарболова Саида Шеризатқызы сонымен қатар «Қазтелерадио» АҚ  тәуелсіз директоры міндетін атқарады. Қошанова бұл қызметте Құнанбаевты, Жарболова Бишіғаевты ауыстырды. 

Соңғы жаңалықтар