KazSat іске қосылғалы бері 17 млрд теңге пайда әкелді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осыдан 14 жыл бұрын, 2004 жылдың 18 наурызында ҚР Үкіметінің қаулысымен «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ құрылған болатын, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Орталықтың баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2018 жылдың басында «KazSat-2» (2001 жылы ұшырылды) қазақстандық байланыс және ақпарат тарату спутнигінің жүктелуі 65 пайыз болса, «KazSat-3» (2014 жылы ұшырылды) 80 пайыздан артық көрсеткішке қол жеткізген.

2017 жылы «KazSat» шетелдік спутниктік ресурстарды қысқарту есебінен 12 млрд теңгеге импорт алмастыруды қамтамасыз етіп, 5 млрд теңгеден астам пайда әкелді. Жалпы 2011 жылдан бері «KazSat» 34 млрд теңгеге импорт алмастырып, 17 млрд теңгеден астам пайда әкелген.

«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ президенті Виктор Лефтер 2017 жылдың соңына қарай кәсіпорын шығындарын толықтай жауып, пайда таба бастағанын айтты. Сонымен бірге орталықты ең үлкен жетістіктерінің бірі, 2017 жылы отандық телевидениенің толықтай қазақстандық спутниктерге өтуі.

2023 жылдың соңында «KazSat-2» спутнигінің қызмет ету мерзімі аяқталады. Сондықтан Республикалық ғарыштық байланыс орталығында оны уақытында ауыстыру жұмыстары басталып кетті. 

Соңғы жаңалықтар