ҚазМұнайГаз отандық МӨЗ-ға 4,6 млн тонна мұнай жеткізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» Барлау өндіру» АҚ-ы 2018 жылы отандық мұнай өңдеу зауыттарына 4,6 млн тонна мұнай жеткізуді жоспарлауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Компания баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ директорлар кеңесі 2018 жылдың бюджетін және 2018-2022 жылдарға арналған бизнес-жоспарды бекіткен. Аталған құжат бойынша ӨМГ мен ЕМГ 2018 жылы тікелей Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) және Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) 2016 жылдың сәуірінен бастап қолданыстағы мұнайдың дербес процессингі сызбасына сәйкес қайта өңдеу және мұнай өнімдерін өткізу үшін мұнайдың жалпы сату көлемінің 36 пайызын немесе 3,0 млн тоннасын (тәулігіне 60 мың баррель) жеткізеді деп жоспарланады. 2018 жылы ішкі нарыққа жеткізілетін 3,0 млн тонна мұнайдың 1,9 млн тоннасы (тәулігіне 38 мың баррель) АМӨЗ-ге және 1,1 млн тоннасы (тәулігіне 22 мың баррель) ПМХЗ-ға жөнелтілетін болады. 

2019 - 2022 жылдары ӨМГ мен ЕМГ ресурстарынан ішкі нарыққа мұнай жеткізу үлесі орта есеппен жалпы сату көлемінің 33 пайызынын құрайды деп жоспарланады.

Мұнай өнімдерін сатудан түсетін таза түсім (процессинг және сатумен байланысты барлық шығындарды шегергенде) 2018 жылы АМӨЗ-ге мұнай тоннасына 62 616 теңге және ПМХЗ-ға мұнай тоннасына 65 072 теңге мөлшерінде жоспарланып отыр. Сатудан түсетін таза түсім мұнай өнімдері (мемлекет реттейтін АИ-80 бензинінен басқа) нарығының конъюктурасына және мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өнімдерін шығару себетіне тәуелді.

«АМӨЗ бен ПМХЗ-да жаңғырту бағдарламасының жоспарлы аяқталуынан кейін 2018 жылы ақшыл түсті мұнай өнімдерін өндіру үлесі жоғарылайды. Ал 2018 жылдың 4-ші тоқсанынан бастап АМӨЗ-де мұнай химиясы өнімдерінің өндірісі тағы да қосымша ұлғаяды. 2018 жылдың бюджеті қазіргі деңгейімен салыстырғанда мұнай өңдеу тарифтерінің АМӨЗ-де шамамен 28 және ПМХЗ-да 5 пайызға өсуін ескеріп отыр. Анықтама үшін, мұнай өңдеу тарифі АМӨЗ-де 2017 жылдың сәуірінен бастап тоннасына 24 512 теңгені және ПМХЗ-да 2017 жылдың тамызынан бастап тоннасына 16 417 теңгені құрайды. Бұл ретте, байланысқан тараптармен шарт жасасу мәселесі компанияның Директорлар кеңесінің жеке қарауына жатады. Компанияның осы болжамдары Қазақстан Республикасында жанар-жағармай материалдарының ішкі нарығындағы хал-ахуалдың өзгерістері ескеріліп түзетілуі мүмкін»,-  делінген таратылған ақпаратта.

ҚГМ, CCEL және ПҚИ-дің ішкі нарыққа шикі мұнай жеткізудің жоспарлы көлеміндегі ҚМГ БӨ үлесі 2018 жылы 1,6 млн тоннаны (тәулігіне 34 мың баррель) немесе осы компаниялардың жалпы сату көлемінен шамамен 49 пайызын құрайды. 2019 - 2022 жылдары ҚГМ, CCEL және ПКИ-дің ішкі нарыққа мұнай жеткізу үлесі осы компаниялардың жалпы сату көлемінен 50 пайыздан артық емес деңгейінде сақталады деп болжанады. 

Соңғы жаңалықтар