«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» компаниясы директорлар кеңесінің басшысы ауысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» компаниясының директорлар кеңесінің отырысында Қарабаев Дәурен Сапарәліұлы директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚазМұнайГаздың атқарушы вице-президенті, қаржылық директоры Дәурен Қарабаев 2017 жылдан бері ҚМГ БӨ компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі.

ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі бойынша 2016 жылдың қорытындысында Қазақстандағы көшбасшылар үштігіне енгізілді.

ҚМГ БӨ дәлелденген және ықтимал қорының көлемі 2016 жылдың соңындағы жағдай бойынша бірлескен кәсіпорындардағы үлесі есебімен 182 млн тоннаны (1 327 млн баррель) құрайды. 2006 жылдың қыркүйегіндегі IPO кезінде компания шамамен 2 млрд доллар табыс тапты. 

Соңғы жаңалықтар