«ҚазМұнайГаз» АИ-92 маркілі бензиннің бағасын арзандатты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС «ҚазМұнайГаз» май құю стансаларында АИ-92 маркілі бензиніне деген бағаның бөлшек саудадағы бағасының төмендегені туралы хабарлады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлайды. 

«Бағаның арзандауы бір-бірімен байланысты бірнеше факторларға тәуелді. АҚШ долларына шаққандағы теңге бағамының нығаюы Ресей Федерациясынан импортталатын отын бағасының төмендеуіне ықпал етті. Бұған қоса, Қазақстандағы АИ-92 маркасы қорының деңгейі нарықтағы көтерме саудадағы бағаның тұрақтануына әсер етеді. Аталған факторлардың байланысы «ҚазМұнайГаз» май құю стансалар желісіндегі бөлшек саудадағы бағаны төмендетуге мүмкіндік тудырды»,-деді компания өкілдері.

Бұған қоса, өндіріс көлемінің өзгеруі, тұтыну, қордағы өнім көлемінің жағдайы, ҚР көтерме баға мен РФ-нан жеткізілетін импорт бағасы бөлшек саудадағы жағдайға әсер етуі мүмкін. Бұл ретте жекелеген мұнай өнімдерінің бағасы өсуі де ықтимал.

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС жанар-жағармай материалдарының бөлшек саудадағы бірыңғай операторы.

Соңғы жаңалықтар