«ҚазМедТех» компаниясы сатылымға шығарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «ҚазМедТех» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеті түріндегі мемлекеттік мүлікті жарғылық капиталдан 100% мөлшерінде кейіннен сатып алу құқығымен 3 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беру бойынша электрондық тендер жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Қаржы министрлігі сайтының хабарлауынша, тендерге қатысушыларға қойылатын талаптардың ішінде инвестициялар бағдарламасын (көлемдері, түрлері және мерзімдері бойынша) ұсыну көрсетілген.

Тендер 2017 жылғы 5 желтоқсанда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-де www.gosreestr.kz  мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында өткізіледі.

Оған қатысуға өтінім беру мерзімі 2017 жылғы 5 желтоқсанда сағат 8:00-де аяқталады.

Тендердің барлық шарттарын орындауға келіскен және объект үшін ең жоғары баға ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады.   Бастапқы баға 6 887 991 000 теңге деп көрсетілген.
Айта кетерлігі, «ҚазМедТех» АҚ қызметінің негізгі түрі - лизинг шарты бойынша денсаулық сақтау ұйымдарына беру үшін медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.

Соңғы жаңалықтар