ҚазҚСҒЗИ-дің елордалық филиалының директоры ауысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты  («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) бас директорының бұйрығына сәйкес Асқар Ғабидуллин институттың елордалық филиалының басшысы болып тағайындалды.

ҚазҚСҒЗИ басшылығы тарапынан жаңа директорға қойылған негізгі талаптар - филиалдың нәтижелілігін жоғарылату және Қазақстанның құрылыс саласына мамандарды кешенді оқытуды дамыту.

Асқар Ғабидуллин Астана қаласындағы ҚазҚСҒЗИ филиалының директоры Салауат Дембайдың орнына тағайындалды. Асқар Маратұлы Ғабидуллиннің екі жоғары білімі  бар. Ол Батыс Қазақстан аграрлық университеті мен Қазақстан-Ресей халықаралық университеттерін экономика және басқару, экономист-менеджер мамандықтары бойынша тәмамдаған.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ - Қазақстандағы аса күрделі жағдайдағы инженерлік-геологиялық аудандар мен жер сілкіну қаупі бар өңірлерді қоса алғанда, құрылыс саласын дамытуға бағытталған  жалғыз мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты. Институт 1931 жылдың 7 қыркүйегінде құрылған. 

Соңғы жаңалықтар