«ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның жаңа басшысы тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының бұйрығымен Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) бас директоры болып Бегман Құлбаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш институттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Комитеттің жаңа жетекшінің алдына қойып отырған міндеттері процесстерді жаңғырту есебінен Институттың тиімділігін көтеру, заманауи ақпараттық технологияларды енгізу (BIM- Building Information modeling), сондай-ақ Қазақстанның құрылыс секторының мамандарын жобалаудағы жаңа стандарттарға (Еурокодтарға) оқыту болып табылады.

Бегман Құлбаев 2015 жылдан бері «ҚазҚСҒЗИ» АҚ басқарған бас директор Нурлан Уранхаевты ауыстырды. Оның басшылығы кезінде Институт 50-ден астам бірегей жобалау шешімдерін әзірледі және аталмыш ұйым Қазақстанда ақпараттық модельдеу саласында аяқталған пилоттық жобалары бар жалғыз институт. 2016 жылы Мәскеуде ҚазҚСҒЗИ «Жылдың ең жарқын ВІМ идеясы» атауымен марапатталды. 18 қыркүйекте Нурлан Уранхаев Алматы қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Жаңа жетекшіні ҚазҚСҒЗИ ұжымына Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов таныстырды.
Өз кезегінде, Комитет басшысы Нурлан Уранхаевты жаңа лауазымымен құттықтап, оған жаңа жұмыс орнында табыс тіледі.

Бегман Бахитович Құлбаев - Қазақстанның құрметті құрылысшысы. Үш жоғарғы білімі бар. «Болашақ» университетін құрылысшы мамандығы бойынша бітірді, 2003 жылы Астана қаласындағы заңгер мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірді, 2006 жылы «Болашақ» (Қызылорда) университетінде есеп және аудит мамандығы бойынша диплом алды.

2003-2004 - Қызылорда облысы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының заңгер кеңесші-бас маманы;
2004-2005 - Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің жетекші маманы;
2005 -2007 - Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің жетекші маманы;
2007-2008 - Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі;
2008 -2009 - Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бастығы;
2009-2011 - Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары;
2011-2012 - Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары;
2012-2013 - Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы;
2013-2014 - ҚР Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің тұрғын үй қорын дамыту басқармасының басшысы;
2014 - ҚР Өңірлік даму министрлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаменті директорының орынбасары;
2014-2015-Ұлттық экономика министрлігі, экономика инфрақұрылымын дамыту департаментінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы:
2015- 2017 - «ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас инженері.

Соңғы жаңалықтар