«Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасы Евгений Кочетов әріптестеріне өзінің жаңа орынбасары Данияр Әлжановты таныстырды.

Әлжанов Данияр Бейсенғалиұлы 1985 жылы 31 наурызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша бітірген, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, 2016 жылы «Адам ресурстарын басқару және қызметкерлерді оқыту» мамандығы бойынша «магистр» дәрежесін алған (Лестер Университеті, Ұлыбритания).

Еңбек жолын 2007 жылы Қарағанды қаласының білім беру бөлімінде бастаған. 2012 жылдың қазанына дейін Қарағанды облысының Осакаров ауданының, Шахтинск және Қарағанды қалаларының әкімдіктерінде түрлі қызметтерді атқарған.

2016 жылдан бастап ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті басқармасының басшысы болып қызмет жасаған.

«Қазконтент» АҚ 2009 жылы құрылып, оның негізінде bnews.kz, kaztube.kz, baq.kz. интернет-жобалары ашылды. Бүгінгі таңда «Қазконтент» 8 желілік жобаны жүзеге асыруда, соның 4-і ақпараттық, қалған 4-еуі тақырыптық жобалар: bnews.kz, baq.kz, primeminister.kz, strategy2050.kz и kaztube.kz, adebiportal.kz, el.kz, National Digital History.

Соңғы жаңалықтар