Қазіргі вирустар антибиотиктерге төзімді - ДДСҰ өкілі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Антибиотиктерге қарсы тұрушылық 22 елдегі жарты миллион адамда - кедейлерде де, байлар да байқалған, деп жазады БҰҰ Жаңалықтар орталығы. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сарапшылары хабарлағандай, антибиотиктерге төзімділік қалыптастырған бактериялар арасында - ішек таяқшасы, сальмонелла, сондай-ақ алтын түстес стафилоккок пен басқа да пневмония, менингит және бірқатар қауіпті ауру қоздырғыштары бар.

«Антибиотиктерге төзімділік мәселесі өте күрделі екендігін баяндама растап отыр, - деді ДДСҰ өкілі Марк Спренгер.

«Ең көп таралған және ең қауіпті инфекциялардың кейбірі дәрілерге төзімді болып барады. Міне, сондықтан ДДСҰ барлық елдерді деректері жаһандық жүйеге түсіп отыратын төзімділікті бақылауға мүмкіндік беретін сенімді жүйе енгізуге шақырады».

Қазіргі таңда 52 ел аталмыш Жаһандық микробтарға қарсы дәрілерге төзімділікті эпидемиологиялық бақылау жүйесін қолданып отыр.

Соңғы жаңалықтар