Қазіргі ұрылар «талантты» - Жақып Асанов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігі ұрлықпен күрестің Жол картасын әзірледі.

Бұл туралы бүгін  Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов айтты.

«Ұрлықпен қалай күресу керек? Ол үшін бір  Америка  ашып,  велосипед ойлап табудың қажет жоқ. Дүниежүзінде технологиялар көп. Бүкіл әлем оны ойлап тапқан, камера, дабыл жүйесі, ІМІ-код, айта берсең неше түрлі озық тәсілдер бар. Ұрылар бұрынғыдай емес, қуланған. Олар өте «талантты», «дарынды». Солармен дұрыс күресу үшін қоғамды біріктіру керек»,-деді Жақып Асанов.

Бас Прокурор ұрлықпен күресудің Жол картасы əзірленгенін атап өтті.

«Ол (Жол картасы - агенттік) - 46 нақты тармақтан тұратын құжат. Оны Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі әзірледі»,-деді Асанов.

Соңғы жаңалықтар