«Қазгидромет» қостанайлық жүргізушілерді жолда абай болуға шақырады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - 16 қараша күні Қостанайдың кей өңірлерін қалың тұман басады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының инженер-синоптигі Раиса Маркевичке сілтеме жасап хабарлайды.

«Ертең кей жерлерде жауын-шашын, көктайғақ болады, қалың тұман түседі. Жылдамдығы секундына 9-14, кей жерлерде 15-20 метрге жететін қатты жел күтілуде. Түнде ауа температурасы -3, кей өңірлерде -6 градусқа дейін төмендейді», - деді Раиса Маркевич.

«Қазгидромет» мамандары қостанайлық көлік жүргізушілерін абай болуға шақырады.

Еске салайық, бүгін Қостанайда ауа райына байланысты ескерту жарияланды. 

Құбылмалы ауа райы салдарынан жедел жәрдем қызметіне жүгінген тұрғындар да көбейген. Бір күннің ішінде 302 шақырту түссе, оның ішінде 69 балаға көмек көрсетілді. Барлығы 17 бригада алғашқы медициналық жәрдем ұсынған.

Соңғы жаңалықтар