Қазгидромет 10 облыста ескерту жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК ауа райының күрт өзгеруіне байланысты еліміздің 10 өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, 22-23 қыркүйек күндері Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында, 22-24 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында соңы қарға ұласатын жаңбыр күтіледі. Тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде температура -1-6 градусқа дейін төмендейді, күндіз 5-10 жылы болады.

22-23 қыркүйекте Ақтөбе және Қостанай облыстарында түнде 0-5 градус жылы, кей жерлерде 1-3 градусқа дейін төмендейді, күндіз 5-10, кей жерлерде 15 градус жылы болады.

Сондай-ақ Қызылорда облысында 22-23 қыркүйек күндері солтүстік-шығыстан және шығыстан 15-20 м/с екпінмен жел соғады, кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында 22-23 қыркүйек күндері кей жерлерде найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін артады. 22-23 қыркүйекте Орал қаласында күндіз солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 18 м/с-ке дейін күшейеді.

22 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысында тәулік бойы жекелеген аумақтарда  солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

 

Соңғы жаңалықтар