Қазғарыш зымыранның бөлшектері құлауынан шыққан өртке қатысты түсінік берді

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Кеше штаттық тәртіппен  Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшқан «Союз 2.1а» зымыран тасығышының бөлінген бөлшектері құлауы салдарынан өңірде төтенше жағдай болды, деп хабарлайда «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Байқоңыр ғарыш айлағы жұмысына жетекшілік ететін ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Данбаевтың мәлімдеуінше,  зымыран тасығышының бөлінген бөлшектері (ББ) белгіленген жерге құлаған. 

«Зымыран тасығышының бөлінген бөлшектері жұмыстарына жауапкершілікті ресейлік «Машина жасау ҒӨБ» кәсіпорыны өз мойнына алады, пайдалану орталықтары Жезқазғанға орналастырылады», - дейді Данбаев.

Оның айтуынша, Зымыранның бөлінген бөлшектері алдын ала белгіленген жерге құлады. «Союздың» жанама бөлшегі жерге қызып тұрған күйде түскен, қатты жел тұруы жазықта өрт тұтануына себеп болды. 

Соңғы жаңалықтар