Қазғарыш делегациясы Францияда келіссөз жүргізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы Еркін Шаймағамбетов бастаған делегация Франциядағы жұмыс сапарынан оралды.

Құрамында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президенті Марат Нұрғожин, «Ғалам» қазақстандық-француздық кәсіпорнының бас директоры Баубек Оралмағамбетов, Қазғарыш мамандары «Airbus Defence and Space» («Airbus D&S») стратегиялық әріптесімен бірқатар іскерлік кездесулер өткізді.

 

Біздің агенттікке «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президенті Марат Нұрғожин айтқандай,  бірлескен жобаларды іске асырудың алғашқы нәтижелері талқыланды. Бұл ҚР Жерді қашықтан зондтаудың ғарыштық жүйесінің нәтижелері, ғарыш түсірілімдерін халықаралық тұтынушылар нарығына шығару, «Ғарыштық аппараттардың жинау-сынақ кешенін құру, Еуропада жүзеге асырылатын технологиялық жабдықты жеткізу мәселесіне баса назар аударылды», - деп атап өтті М. Нұрғожин.

 

Сондай-ақ одан әрі ынтымақтастық бойынша перспективалық жобалар талқыланды.

 

Таяуда Қазғарыш басшысы болып тағайындалған Еркін Шаймағамбетов француздық Airbus Defence and Space» («Airbus D&S») компаниясының басшылығымен кездесті, «Ғалам» қазақстандық-француздық кәсіпорынның Бақылау кеңесінің отырысына қатысты, Тулузе қаласындағы ғарыш қалашығына барды.

Соңғы жаңалықтар