«Қазбриг» бітімгерлік миссиясын үндістандық әскерилер оқытуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бітімгерлік миссияның қазақстандық әскери қызметшілерін Үндістанның нұсқаушылары оқытуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша , Үндістан Қарулы күштерінің мобильді-жаттықтыру тобы екіжақты әскери ынтымақтастық шеңберінде Қазақстанның «Қазбриг» бітімгерлік бөлімшесіне арналған сабақтар өткізіп жатыр.

Үндістандық әскерилердің оқу бағдарламасы бітімгерлік миссияның негізгі түрлері бойынща ауқымды теориялық блокты, сондай-ақ әскери-азаматтық қарым-қатынастардың құқықтық аспектілері мен шиеленіс аймағында бейбіт халықтың қорғалуын қамтиды. Оқыту кезінде қазақстандық бітімгерлер БҰҰ миссияларындағы маңызды құжаттарды, күшті қолдану ережелері мен директиваларды, операциялардың тұжырымдамасын, жауынгерлік бұйрықтар мен тағы басқаны үйренеді. Теориялық блокты мұқият зерделеп, әскери қызметшілер практикалық сабақтарда ізгілік жүкті тасымалдау тәжірибесін жинақтап, әртүрлі жанжалды өздігінен шешіп көріп, жедел базаны ұйымдастыру мен күзету және блок бекеттерді өрістетудегі шеберліктерін паш етеді.

Бүгінде қазақстандық бітімгерлік батальон мемлекеттен тысқары жауынгерлік тапсырмаларды еркін орындауға қабілетті. Ол НАТО құрамында және ҰҚШҰ, ҰЖДК, ШЫҰ құрамында жұмыс жасауға бейімделген. Қазақстандық бітімгерлерге арналған тренингтің шарықтау шегі оқу-жаттығу полигондарының бірінде өтетін «Көгілдір дулығалар» оқу-жаттығуы болмақ.

Соңғы жаңалықтар