«ҚазАвтоЖол» ҰК» ақтөбелік филиалының басшысы ауысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқару төрағасының 2018 жылдың 3 қаңтарындағы бұйрығы бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе облысы филиалының бастығы болып Жаңабай Қобыландин тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2013 жылдан 2017 жылға дейін бұл лауазымды отырған Бағлан Баймагамбетов зейнеткерлік жасқа келуіне байланысты өз еркімен босатылды.

Б.Баймагамбетов  автожол саласында үлкен тәжіриебесі бар. Әртүрлі уақытта Көлік инфрақұрылымдық даму комитетінің Ақтөбе басқармасында еңбек еткен, Автомобилді жол комитетінің Ақтөбе департаментінің директоры қызметін атқарды.

«Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 ж.), «Құрметті жолшы» (2005 ж.) , «Астана» (2007 ж.), «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.) медалдарымен, «Құрмет» (2008 ж.) орденімен және  «Батыс-Европа-Батыс Қытай»  (2013 ж.) төс белгісімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар