«ҚазАвтоЖол» «Астана-Алматы» жолының ең күрделі бөлігін жөндеуге кірісті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Құрты-Бурылбайтал учаскесін жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ұлттық компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 228 шақырымға созылатын республикалық маңызы бар «Астана-Қарағанды-Балқаш-Алматы» автомобиль жолының «Құрты-Бурылбайтал» учаскесін жөндеу жұмыстары басталды. Қайта жөндеу нәтижесінде 1-Б техникалық категориясындағы төрт жолақты жол салынады», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Хабарламада айтылғандай,  2152-2214 (62 км) және  км 2214-2295 (81 км) учаскелері Еуропалық қайта жаңарту және даму банкінің қаржысы есебінен қарастырылған. Аталған жол бөліктерін қайта жөндеуден өткізу бағдарламасын «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жүзеге асырады.

«Қазіргі уақытта АҚ банк талаптарына сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарына мердігер ұйымды анықтау бойынша конкурстық рәсімдерді өткізді. 2017 жылдың 11 шілдесінде 2214-2295 (81 км) щақырымдағы «Құрты-Бурылбайтал» учаскесін қайта жаңарту жобасын жүзеге асыру бойынша «Sinohydro Corporation Limited» компаниясымен келісімге қол қойды», - деп хабарлады ұлттық компания.

Әзірге қытайлық «Sinohydro Corporation Limited» компаниясы жол-құрылыс техникасы мен қызметкерлерді жұмылдыру бойынша жұмыс істеп жатыр. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2019 жылы аяқтау жоспарланған.

Екінші 2152-2214 шақырым учаскесі бойынша мердігер ұйымды анықтау үшін конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр. Келісімге қол қою 2017 жылдың қараша айына жоспарланған.

2295-2335 (40 км) және км 2335-2380 (45 км) учаскелеріне жөндеу жұмыстарын ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті Қайта жаңару және даму банкінің есебінен жүзеге асырады. Қазіргі уақытта мердігер ұйымды анықтау бойынша халықаралық конкурстық саудаластықтар жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстарын биылғы жылдың IV тоқсанында бастау жоспарланған. Жобаны іске асыру кезеңі 2017-2021 жылдарды қамтиды.

Соңғы жаңалықтар