Қазатомөнеркәсіп «Каустиктегі» үлесін сатады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Каустик» АҚ-дағы 40% акциялар пакетін сататынын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компанияның сайтында конкурстық құжаттама мен ашық екі кезеңдік конкурстың хабарламасы орналастырылған. 40% акциялар пакеті үшін сұралатын бастапқы баға 3 млрд 720 млн 608 мың (үш миллиард жеті жүз жиырма миллион алты жүз сегіз мың) теңге.

«Конкурс «Самұрық-Қазына» АҚ және дауыс беру акцияларының елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-на меншік ретінде тиесілі болған ұйымдардың «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген активтерін сату және қайта құрылымдаудың бірыңғай ережелері мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ активтерін сату жөніндегі комиссия бекіткен конкурстық құжаттамаларға сәйкес жүргізіледі», делінген хабаралмада.

Өтінімдер қабылдау 2018 жылғы 3 қаңтарда Астана уақытымен сағат 15.00-де аяқталады.

Айта кетерлігі, «Каустик» АҚ - қолданыстағы барлық қазақстандық және халықаралық жоғары сапа стандарттарына сәйкес келетін заманауи химия өндірісі. Кәсіпорын каустикалық сода (30 мың т/ж), сұйық хлор (26 мың т/ж), тұз қышқылын (45 мың т/ж), сондай-ақ натрийдың техникалық гипохлоритын (6,6 мың т/ж) шығарады. Зауыт өнімдері экономиканың көптеген салаларында: мұнай, химия, медицина, тамақ өнеркәсібі, түсті және қара металлургия және т.б. қолданылады.

Соңғы жаңалықтар