Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындарында роботтар мен дрондарды пайдаланатын болады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның басшылығы мен IT бөлімшелері мамандарының қатысуымен Ақпараттық технологиялар жөніндегі координациялық кеңестің отырысы өтті. Жиында үдемелі технологиялық жаңғыру бойынша мақсаттарды іске асыру, нақты айтқанда уран өндірісіне роботтандыру және цифрлық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

null
Басқосуда сөз сөйлеген  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев Елбасының биылғы Жолдауындағы Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру тапсырмасы шеңберінде қазіргі уақытта ұлттық атом компаниясы big data, автоматизация, цифрландыру және роботизация технологияларын әзірлеп енгізу бойынша белсенді жұмыс атқарылып жатқанын өтті.
null

«Қазірдің өзінде біз өндіріс кезінде мыңдаған түрлі датчиктерден келіп түсетін ауқымды ақпаратты жинақтап, өңдеу жұмысын жолға қойдық. Осы жиналған ақпаратты талдайтын Жоспарлаудың біріктірілген жүйесі енгізіліп жатыр. Жүйе өндірісті оңтайландыру мәселелерін шеше келе, кеңейтілген сараптама жасауға мүмкіндік береді. Вig data технологиясының басымдылығы - оқиғаның алдын алып, барынша тиімді шешімдер қабылдау мүмкіндігі бар», - деп мәлімдеді компания басшысы. 
null

«Индустрия 4.0» іске асыру үшін Қазатомөнеркәсіп Цифрлық кеніш, ERP (кәсіпорын қорын жоспарлау), Жоспарлаудың біріктірілген жүйесі, Жағдаяттық орталық іспетті жобалар негізінде уран өндірісінің негізгі бағыттарын кешенді түрде автоматтандыруды көздейді. Бұл жобалар «Индустрия 4.0»  жаңа элементтерін -  роботтандыру, 3D баспа, құралдар интернеті, толықтырылған шынайылық және басқа да технологияларды іске қосуға  негіз болмақ.  

null

Өткен жылы «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» кәсіпорыны «Цифрлық кеніш» жобасын өндіріске енгізген болатын. Аталмыш ақпараттық жүйе деректерді жинап, өндірістік процесті оңтайландырып, реагенттердің жұмсалуын бақылап, құрал-жабдықтардың бос тұруын қысқартып, штаттан тыс оқиғаларды анықтауға және оның алдын алуға мүмкіндік береді. 2025 жылға қарай «Цифрлық кеніш» жобасынан келіп түскен экономикалық тиімділік 12 млрд теңге құрайды деп күтілуде.

 «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» кәсіпорынында қазір дайын өнімді ыдысқа салу желісін роботтандыру процессі жүргізілуде. Уран өнімін ыдысқа толтыру, өлшеу және жөнелту жұмыстарын бұрыңғыдай жұмысшылар емес, енді роботтандырылған кешен жүргізетін болады», - дейді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның трансформация және кадрлық саясат жөніндегі бас директоры Руслан Еңсебаев.
null

 Бүгінде компания кәсіпорындарындағы  құрал-жабдықтарға орнатылған көптеген датчиктер интернет  көмегімен барлық өндірістік көрсеткіштер орталыққа жөнелтіледі. Бұл шынайы ақпарат алып,  өндірістегі адами факторға тәуелсіз автономды процесстер атқаруға мүмкіндік береді. Өндірістік учаскелер өзара тапсырыс беріп, параметрлерді түзетіп, нормативтерді реттей алады. Сонымен қатар, қазіргі кезде Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындарындары магистралды құбырлардың күйін тексеру үшін дрон көмегіне жүгінеді. Жақын болашақта дрон қондырғысы өндірістік нысандарға жүк (дәрі-дәрмек, құрал-сайман т.б.) жеткізеді деп жоспарлануда.  Жылдың соңына дейін өндіріс орындарында құлтемірлер жүйесі де енгізілмекші.
null

  «Жақын арада біз кәсіпорында роботтар, дрондар пайдаланатын боламыз. Солардың арқасында адам факторын азайтамыз. Бүкіл жүйелерді бақылауда ұстаймыз. Қауіпсіздік жағынан да ол көп мүмкіндік береді», -  деді Асқар Жұмағалиев.

null

Соңғы жаңалықтар