Қазан қаласының көрнекті жерлері

None
None
ҚАЗАН. ҚазАқпарат -  Қазан - сәулетінің заманауи көркемдігімен және мыңжылдық тарихымен таңғалдыратын көне қала.

Осы таңғажайып қаламен байланыстырылатын алғашқы қауымдастықтардың барлығы Татарстан астанасының ең көрнекті жері - Қазан Кремлімен сабақтасып жататыны сөзсіз.



Волганың сол жағалауында орналасқан Кремльдің территориясы 1 500 шаршы метрді қамтып, онда бірнеше тарихи және архитектуралық кешендер орналастырылған.



Татарстанның бас мешіті - Құл Шариф мешіті Қазан Кремлінің аумағында орналасқан. Мешіт 1552 жылы Иван Грозныйдың әскері бұзған ескі Қазан хандығы мешітінің орнына салынды.  Оның құрылысы 1996 жылдан 2005 жылға дейін жалғасты. Мешіт бұзылған ғибадатхананың соңғы имамының есімімен аталады. 58 метрлік 4 үлкен және 4 кішкентай мұнаралары бар.

Қазан Кремлінің тағы бір көрнекті жері - Сүйімбике мұнарасы. Мұнара тарихын жергілікті тұрғындар 1552 жылы Иван Грозныйдың бұйрығы бойынша жеті күнде салынып біткен мұнара жайлы аңыз әңгімемен байланыстырады. Мешіт құрылысына өзін әйелдікке алмақшы болған Сүйімбике патшайымның Иван Грозныйға қойған шарты себеп болған. Алайда, оның әйелі болғысы келмеген Сүйімбике мешіттің құрылысы аяқталғаннан кейін мұнараға көтеріліп, төмен қарай құлап мерт болған. Қазанға келген қонақтарға Сүйімбике тағдыры ерліктің, елдіктің белгісі ретінде айтылады.











Сүйімбике мұнарасының бөктерінде 1977 жылы табылған Қазан хандарының кесенесі орналасқан. Кесене 1460 жылдары салынған. Бұл жерде Махмуд хан да жерленген. 2004 жылы кесенеде тағы бірнеше адамның жерленгендігі анықталды. Олар Ибрагим, Халиль, Жәңгір немесе Сафа-Гирей хандар болуы мүмкін деген болжам бар.   

Біраз шалғай жерде 16 ғасырға тиесілі, көк түсті  және алтын жалатылған күмбезді  Благовещенский соборы орналасқан. Ғибадатхана 1925 жылы жабылып, 2005 жылдан бастап қана қайтадан ашылды. Оның жанында Қазанның ежелгі сәулетшілеріне арналған ескерткіш орнатылған.

Қала ішіндегі қазіргі заманғы үйлер мен шулы көшелердің арасындағы Татар ауылы деп аталатын тарихи аумаққа ену жаныңа ерекше жайлылық сыйлайды. Бұл аймақ тарихи ескерткіштерге толы:  мешіттер мен медреселер, көне базар алаңы мен Қазан ақсүйектерінің үйлері.

Әл-Маржан мешіті - бастапқыда Бірінші собор, кейіннен Эфенди (Господской), Юнусов (көпес Юнусовтартың фамилиясы бойынша) деп аталып, бертін келе  19 ғасырдың екінші жартысында осы мешітте қызмет еткен Шигабутдин Маржани имамның құрметіне  Әл-Маржан мешіті деп аталды.

2013 жылы үлкен қазан түрінде салынған ерекше неке сарайы - «Қазан» отбасы үйі деген атауға ие болды. Бұл да Қазан қаласындағы ең көрнекті ғимараттардың қатарында.


Татарстан астанасының заман талабына сай көрнекіліктерінің тағы бірі - 2010 жылы салынған Егіншілер сарайы, мұнда Татарстан Республикасының ауылшаруашылығы министрлігі орналасқан. Француздық барокко мен италиялық ренессанс үлгілері үйлестірілген бұл сарай шын мәнісінде Еуропа сарайларын еске салады.


Өзінің көпқырлы тарихымен, табиғаты көркем жағажайлары, жасыл саябақтары, заманауи сәулеті және тарихи ескерткіштері жарасқан Қазан қаласының Ресейдің үшінші астанасы атануы бекер болмаса керек. 

Соңғы жаңалықтар