Қазан айынан бері Алматыда 23 мың адам ЖРВИ жұқтырған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда эпидемиологиялық науқан басталғалы бері тұмау жұқтырған 8 адам тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Қазақстан баспасөз клубында өткен баспасөз мәслихаты барысында қалалық Қоғам денсаулығын сақтау департаменті бөлімінің бас маманы Владимир Юсупов айтты.

«Эпидемиологиялық науқан, яғни 1 қазаннан бері 23 000 адам жедел респираторлы жұқпалы вирусын жұқтырған. Оның 66 пайызы балалар. Ал, грипп вирусымен 8 адам ауырған. Бұл зертханалық тексерулердің нәтижесінде расталды», - деді Владимир Юсупов.

Оның айтуынша, тұмаудың алдын алудың басты жолы екпе болып отыр.

Биыл Алматы әкімдігі қаланың әлеуметтік аз қамтылған азаматтарын вакциналау үшін Ресей өнімі «Гриппол плюс» екпесінің 100 дозасын сатып алған болатын. Бұл мақсатта бюджеттен 16,4 млрд теңге бөлінген болатын.

Бүгінгі таңда 38145 14 жасқа дейінгі бала, 21546 медициналық қызметкер, 7811 жүкті әйел екпе қабылдады.

Соңғы жаңалықтар