Қазалыда ауыл спортшыларының XXX «Алтын күз» спартакиадасы басталады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылдың 6 қазан күні Қазалы ауданында ауыл спортшыларының XXX «Алтын күз-2016» облыстық спартакиадасы басталады. Жарысқа облыстың 7 ауданынан 1000-нан аса спортшы қатысады. Бұл туралы Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Cайыс спорттың 15 түрінен: волейбол, футбол, баскетбол, гандбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, гір спорты, қол күрес, үстел теннисі және президенттік көпсайыс бойынша өтеді.

Мақсаты - бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін  дамыту, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ауыл спортшыларының рухын көтеру, Елбасы жолдауынан туындайтын шараларды іске асыру.

«Алтын күз» ойындары үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі - денешынықтыру клубтарындағы бұқаралық жарыстар, екінші кезеңі - аудандық ойындар 30 тамызға дейін өткізілсе, үшінші кезеңі - ақтық жарыстар 6-9 қазан аралығында өтеді. 

Соңғы жаңалықтар