Қазалы ауданында жайылған суда қалып қойған адамдар құтқарылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін таңғы 05 сағат 15 минутта Басықара су торабында мұз кептелуі салдарынан 3 шақырым жоғарыда орналасқан «Балшықсай» учаскесіне су жайылды, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.


 Қауіпсіз жерге 15 адам (оның ішінде 2 бала) шығарылып, Басықара елді мекеніндегі туыстарына жеткізілді. Сағат 10-да Басықара су торабында мұз кептелу салдарынан 3 шақырым төмендегі «Шортай» учаскесіне су жайылған. Сол аумақта орналасқан Қ. Асановтың жеке шаруашылығынан 32 бас ірі мүйізді малы және 16 бас жылқысы қауіпсіз аймаққа шығарылды.
 

Күндізгі 10 сағат 40 минутта Қызылорда-Қазалы бағыты бойынша «МИ-171» тікұшағы Сырдария өзеніне мониторинг жұмыстарын жүргізуді бастады.

Тікұшақтың көмегімен 18 сағат 37 минутта Құмжиек учаскесінен 8 адам (оның ішінде 6 бала) аудан орталығына жеткізілді.. Қауіпсіз жерге 8 адам, оның ішінде 6 бала шығарылды.
 

Соңғы жаңалықтар