Қазалы ауданында қар құрсауынан 100 адам құтқарылды - Қызылорда облысы

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Өткен түні 03 сағат 50 минут шамасында Қазалы ауданы Арық балық ауылдық округі Әйтеке би кентінен 40 шақырым жерде, Жанқожа батыр ауылының тұсында, қар құрсауында қалып қойған 12 автокөлік (2 автобус, 1 газель, 9 жеңіл автокөлік)  тазартылған жолға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көліктерде жалпы 100 адам болған. Оның 10-ы - балалар.

Құтқару жұмысына ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ №4 өрт сөндіру бөлімі (3 қызметкер және 1 бірлік техника), Қазалы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі (2 қызметкер 1 бірлік техника), аудандық ішкі істер бөлімі (5 қызметкер және 1 бірлік техника) және жергілікті басқару органы (3 адам және 1 бірлік техника) жұмылдырылды.  Жарақат алғандар жоқ. 
null 

Соңғы жаңалықтар