Қазақтың үш биіне тағы бір ескерткіш қойылды

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының алдында орналасқан орталық саябақта қазақтың атақты үш биі - Төле, Қазыбек пен Әйтеке билерге арналған ескерткіш орнатылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақтөбе облыстық сотына сілтеме жасап.

Ескерткішті Мұғалжар аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы Ж.М.Сейтжапаров пен «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері  салтанатты түрде ашты.

"Шара барысында  Мұғалжар аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Ж.М. Сейтжапаров жиынға қатысушыларды «Үш би» ескерткішінің  ашылу салтанатымен құттықтап,  XVII ғасырдың екінші жартысы мен XVIII ғасырдың бірінші жартысында Ұлы дала медиаторы атанып, аңызға айналған атақты үш би - Төле, Қазыбек, Әйтеке билер туралы сөз қозғады", - делінген ресми xабарламада.

Соңғы жаңалықтар