Қазақтың мәдениетін алты тілде сөйлету керек - Назарбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруды ұсынды, деп хабардайды ҚазАқпарат тілшісі Мемлекет басшысының «Егемен Қазақстан» газетіне шыққан мақаласына сілтеме жасап.

«АҚШ-тың «қырғи-қабақ соғыс» кезін­дегі табысының қомақты бөлігі Голливудтың енші­сінде. Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы сая­сат­тағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек. Бұл жоба нені көздейді? Бірінші, отандық мәдениет БҰҰ-ның алты тілі - ағылшын, орыс, қытай, испан, араб және француз тілдерінде сөйлеуі үшін мақсатты ұстаным болуы шарт. Екінші, ол бүгінгі қазақстандықтар жасаған және жасап жатқан заманауи мәдениет болуға тиіс», - деп жазды Президент.

Мемлекет басшысының ойынша, мәдени қазыналарымызды әлем жұртшылығына таныстырудың мүлдем жаңа тәсілдерін ойластыру керек.   Мәдени өнімдеріміз тек кітап түрінде емес, әртүрлі мультимедиалық тәсілдермен де шыққаны абзал. Бұл - ұлттық мәденитімізді кеңінен танытудың үшінші жолы. Төртіншіден, аталған бастамаларға ауқымды мемлекеттік қол­дау жасалуы қажет. «Сыртқы істер, Мәдениет және спорт, Ақпарат және коммуникациялар министр­ліктері жүйелі түрде, қоян-қолтық жұмыс істеуі керек. Бесінші, бұл жұмыста шығармашылық зиялы қауым, оның ішінде Жазушылар одағы мен Ғылым академиясы, университеттер мен қоғамдық ұйымдар үлкен рөл атқаруға тиіс. Біз заманауи мәдениетіміздің қандай өкіл­дері әлемдік аренаға жол тартуы керектігін анық­тап алуымыз керек. Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін ірік­теп алғаннан кейін шетелдерде оларды таныс­тыру рәсімдерін өткіземіз», - деп атап көрсетті Назарбаев.

Президент ағымдағы жылда жер жүзіне мәдениет саласындағы жетістіктерімізді айқындап алу қажет деп санайды. Содан соң бірегей бағдарламаны 5-7 жылда тың­ғылықты жүзеге асырған жөн. «Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып, басты тілдерінде сөйлейтін болады», - дейді Елбасы. 

Соңғы жаңалықтар