Қазақтың Қазақстаннан басқа Отаны жоқ - Сапарбаев

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Алға қаласының тұрғындарын қоныс тойымен құттықтаған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев тәуелсіздіктің қадірін түсінуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
Ақтөбе облысы Алға қаласында 5 қабатты екі тұрғын үй салынып жатыр. 120 пәтерлі үй кезекте тұрған адамдарға тиесілі. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып, 60 отбасы пәтерлі болады. Ал екінші көпқабатты үй келер жылы пайдалануға беріледі. Мұнда автономды жылыту қазандығы қарастырылған. Орталықтандырылған су құбыры тартылды. Қазіргі кезде ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Аудандағы құрылыспен танысқан өңір басшысы Бердібек Сапарбаев 8 отбасыға арналған пәтердің кілтін табыс етті.
null 

«Адам үшін, отбасы үшін ең негізгісі пәтер. Сондықтан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұрғын үй салуға үлкен көңіл бөліп келеді. Тек Ақтөбе облысында жыл аяғына дейін 700 мың шаршы метр пәтер беріледі. Бұл 7 мыңға жуық отбасы баспаналы болады деген сөз. «Нұрлы жер» бағдарламасы Ақтөбе қаласында іске асырылып жатыр. Әлеуметтік қолдауды қажет ететін адамдарға мемлекет есебінен пәтер беру керек. Сондықтан Ақтөбе қаласында 4 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Мұндай жұмыс аудандарда да жүреді», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Пәтерлі болған отбасыларға құтты болсын айтқан өңір басшысы тәуелсіздіктің бағын білуге, жастарды ел үшін еңбек етуге шақырды.

«Барлығы тәуелсіздіктің арқасында. Біз соны еш уақытта ұмытпауымыз керек. Қазақтың Қазақстаннан басқа Отаны жоқ. Біздің Отанымыз - осы. Татарлар, ұйғырлар, күрттерге қарасақ, олардың саны бізден әлдеқайда көп. Бірақ олардың біз сияқты егемен, тәуелсіз мемлекеті жоқ. Тәубе деп айтуымыз керек. Әрбір қазақ, әрбір Қазақстан азаматы тәуелсіздіктің тұғырлы болуы, дамуы, болашағы үшін еңбек етуі керек. Сол кезде өсіп келе жатқан ұрпағымыз ризашылығын білдіреді», - деді Б.Сапарбаев.

Қазіргі кезде Алға қаласында 1500-ден астам адам пәтер кезегінде тұр. Олардың арасында жас, көпбалалы отбасылар бар.
null 

«Күйеуім жетім өскен. Біз 10 жылдан бері пәтер кезегінде тұрмыз. Қазір үш баламыз бар. Ол вахталық әдіспен жұмыс істейді, ал өзім бала күтімімен үйде отырмын. Бүгінгі күнге жеткеніме қуаныштымын. Енді біздің екі бөлмелі пәтеріміз бар», - деді қоныс тойын тойлаған  Гүлжанат Еламанова. 

Соңғы жаңалықтар