Қазақтың екі боксшысы Тәуелсіздікке тосын сый жасамақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақтың қос кәсіпқой боксшысы Батыр Жүкембаев пен Абылайxан Құсайынов Тәуелсіздікке тосын сый жасамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олар өздерінің әлеуметтік желісіндегі жеке парақшаларына 16 желтоқсан күні шаршы алаңға шығатындарын, бұл күн ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп тұрғанын жазады.

Сонымен қатар қазір жекпе-жек кешіне дайындықтарын пысықтап, күн-түні демалмай жаттығып жатқанын атап өтеді.

«Барлығы жоспар бойынша өтуде. Күніге екі мезгіл жаттығамыз. Тынымсыз тер төгіп, ерінбей еңбек етіп жатырмыз. Алла қаласа Тәуелсіздікке тамаша тарту жасаймыз деген үміттеміз», - дейді Батыр мен Абылайхан.

Соңғы жаңалықтар