Қазақтілді бүлдіршіндерді шахмат ойнауға үйрететін кітап шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақтілді бүлдіршіндерге шахматты үйретуге арналған кітап шықты. «Ең ақылды балаларға арналған шахмат жазбаларын» шахматтан әлемнің 12-ші чемпионы, ресейлік Александра Костенюк жазып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

96 беттен тұратын жұмыс дәптері мектеп жасына дейінгі балаларға және бастауыш сынып оқушыларына арналған.

Жас оқырман кітаптағы ертегі кейіпкерлерінің көмегімен сиқырлы шахмат әлемімен танысып, ойынның ережелерін игеруге және логика мен зияткерлік қабілетін дамытуға мүмкіндік алады. Арнайы іріктелген жаттығуларды орындай алады.

«Александра Костенюк кітапты мемлекеттік тілде шығаруға барлық құқықтарды біздің қорға құрметпен ұсынды. Сондай-ақ басылымның идеясына Қазақстандық шахмат федерациясы да қолдау көрсетті. Таралым ресейлік шахмат жазулары басылған тап сол типографияда шығарылды. Біз кітаптың аудармасын жасадық, Алматыдағы кітап дүкендерімен келісімшарт жасалды. Енді кітаптарды Астана қаласына жеткізу мәселелерін шешіп жатырмыз, - деп хабарлады Ш.Есенов атындағы ғылыми білім беру қорының атқарушы директоры Айғаным Мәлішева.
null

Мамандардың айтуынша, Қазақстанда мемлекеттік тілде шахматты оқытатын әдебиет мүлдем жоқ.

«Жазулар толығымен қазақстандық аудиторияға бейімделген. Бұл жай ғана аударма, орыс басылымнан түсірілген көшірме емес. Біз дизайнды қайта жасадық. Сиқырлы Перизат  - Александрамен бірге балаларды сиқырлы шахмат патшалығына  Арман мен Аружан есімді кейіпкерлер жетелейтін болады. Қазақстанда шахмат ойынын үйрететін әдебиет мүлде жоқ. Біз қоғамдық пікірді зерттей отырып, мұндай кітаптар сұранысқа ие болатынына көз жеткізіп, жобаны іске асырдық», - деді  басылымды аударған қордың бағдарламалар үйлестірушісі Жадыра Сарманова
null

Қазір аталған кітап Алматыдағы «Книжный город», «Алматыкiтап», «Академкнига» желілерінің дүкендеріне сатылымға түсті. Екі аптадан соң кітап Астанадағы дүкендерге де түсетін болады.

Соңғы жаңалықтар