Қазақстанның жыл соңына дейін Қытайдан көлікпен жүк тасымалдауға 7 мың рұқсаты бар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстаннан Қытайға автомобильмен жүк тасымалдауға арналған 7000-ға жуық рұқсаттама бланкісі жыл соңына дейін беріледі.

 Бұл жайында ҚҰР Инвестициялар және даму министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2017 жылдың басында Қазақстан мен Қытай автомобильмен тасымал жасауға арналған 50 мың рұқсаттама бланкілерімен алмасқан болатын.  20 қарашадағы дерекке сәйкес қазақстандық тасымалдаушылар 43146 бланкіні пайдаланды», - делінген министрлік ақпаратында.

ҚР ИДМ Көлік комитеті рұқсаттаманы беру жөніндегі мемлекеттік қызмет автоматтандырылғанын және ақысыз екенін атап өтуде. Тасымалдаушылар аталған бланкілерді  elicense.kz порталының көмегімен ала алады. Тапсырыстан кейін рұқсатнама бланкісін  беру туралы шешім екі күн ішінде қабылданады.

Рұқсаттамаларды тарату тасымалдаушының жылжымалы құрамының санына, комитеттің аймақтық органдарындағы қайтарылған және қалған бланкілер санына  байланысты.

Соңғы жаңалықтар